1. Мәтінді оқып, ойды жалғастырындар, түйінді сөздермен қорытындыландар. «Бос уақытыңызда не істейсіз?» деген сұрақ әрдайым мені ойландырып жүрген-ді. Әдетте осы сұраққа мынадай жауаптар берілуі мүмкін: 1) кітап оқимын; 2) спортпен шұғылданамын; 3) велосипедпен серуенге шығамын; 4) тамақ істеуді жақсы көремін; 5) шетелдерге саяхатқа шығуды ұнатамын; 6) теледидар көремін; 7) компьютерде от
Ана керек о адамдар ана керек адамға, Анасыздар аң секілді күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық да дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы, - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, шексіз мейіріммен, дүниеге келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір сыйлаған асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі ол – Ана. Анаға деген махаббат ештеңемен алмастыруға болмайтын, сөзбен жеткізе алмайтын ерекше пәк сезім. Ананы құрметтеп, алақанға аялап жүру әрбір пенденің ана алдындағы перзенттік парызы. Алайда, бүгінгі таңда аналарының қадіріне жете алмай жүрген жандарды көргенде еріксіз қынжыласың. Біз бар ықыласымызбен аналарды ренжітпеуге, керісінше қуантуға тырысуымыз керек. Мен өз анамды құрметтеймін. Анамның мақтанышы болуға барымды саламын. Адамдар, бауырлар Ананы қастерлеңдер! Ананы аялаңдар! Өз анасын сыйлап ардақтап, қадіріне жете алмаған адам, елінің де, дінінің де, тілінің де қадіріне жетпейді. Өмірдегі барлық дүние тек ананың алақанынан бастау алады. Қазақтың ақ жаулықты аналары перзенттеріңіздің қуанышына ортақтасып, немерелеріңіздің қызығына тамсанып, бақыттың базарында ғұмыр кешіңіздер. Өз анама қандай бақыт тілесем, барша қазақ аналарына соны тілеймін.
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24297/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер ретінде саналған. Сондықтан да болар ел ішінде: «Зердің жайын зергер білер, Аңның жайын мерген білер», – деп босқа айтпаса керек-ті. Оған біріншіден, табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Сақина – қыз-келіншектердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым. Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Салт-дәстүрімізде де жүзіктің алатын орны ерекше.Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр-сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым түсінігі байқалып тұрады. Біздің қол шеберлеріміздің жасаған бұйымдары дүниежүзінің әр түрлі көрмелеріне қатысып, жақсы бағаланып келеді
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24297/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз