М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sofiyakoroleva3
sofiyakoroleva3
06.08.2022 01:55 •  Қазақ тiлi

3 ТЫНДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы. Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді тап.
Қою қаріппен жазылған етістіктердің түбірі мен қосымшасын анықта.
Белеме кітап сыйладым
«Кітап
білім бұлағы» деген дана сөз бар. Білімнің пайдасын білетін адам дүние жина-
майды, кітап жинайды. Біздің үйде шағын кітапхана бар. Кітапханада ертегілер, сөздіктер
және түрлі энциклопедиялар бар. Мен қызықты мәліметтерді осы кітаптардан оқимын. Мен
кітапханадағы барлық кітап тізімін жасадым. Кітаптардың авторларын жаздым, қайда, қашан
шыққанын көрсеттім.
Кейде керек ақпаратты тез таппайсың. Сондықтан өзіме керек ақпаратты тез табу үшін,
түрлі-түсті қағаздардан белгі жасадым.
Кітапханада әкемнің 1-сыныпта оқыған әліппесі болды. Әкем оны туған күніме сыйлады.
Бір күні менің бөлем келді. Ол суретті әліппені көріп, қатты ұнатты. Бірақ бұл әліппе мен үшін
өте қымбат. Алайда кішкентай бөлемді ренжіткім келмеді. Оның білімге құштарлығын көріп,
әкемнің рұқсатымен әліппені бөлеме сыйладым. Бөлеме: «Әліппені таза ұста, жыртпа!», —
дедім. Бөлем қатты қуанды, кітапты ұқыпты ұстайтын боп сөз берді. Мен оған: «Талабыңа нұр
жаусын!» — деп тілек айттым.
Әкемнің әліппесінің құр тұрмай, пайдаға асқанына мен де қуандым.
«Мен оқимын, ойнаймын, ойланамын» кітабы​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
laowiskskz
laowiskskz
06.08.2022
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
4,6(6 оценок)
Ответ:
applegamm
applegamm
06.08.2022
Қыс.
Сәлем,Самир.
Сәлем,Алихан.
Самир, сенің сүйікті жыл мезгілің қандай?
Менің сүйікті жыл мезгілім-қыс.
Неліктен сенің сүйікті жыл мезгілің қыс?
Себебі,бұл жыл мезгілінде қар жауады және далада ойнауға болады.
Самир,қыста далада немен айналысуға болады?
Қар атысып ойнауға болады,сырғанауға,қамал салуга болады,кардан туннел жасауга ,хоккей ойнауга болады.
Сен қайсысын жаксы коресин?
Мен кар атысып ойнаганды жане тургызган камалда корганганды жаксы коремин.
О,менде осыны жаксы коремин.
Жарайды онда кар атысып ойнайык.
Саубол,Алихан.
Коп рахмет.
4,4(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ