Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
XII ғасырда Мысырды шығыстан моңғолдар шабуылдаса, батыстан крес-шілер шабуылдады. Мұсылмандардың мәдениет-ғылым орталығы - Мысыр пен Сирияға қауіп төнді.
Сирия әскерінің қолбасшысы - Бейбарыс баһадүр мәмлүктер гвардия-сымен Бағдатты босатты. Бейбарыс - жерінен сатылып,
қолбасшы деңгейіне көтерілген қыпшақ баласы. Одан кейін Бейбарыс Сири-яны Шыңғыс ханның немересі - Құлағудың әснерінен босатты. Екі жылдан кейін Құлағуды бүкіл Мысыр жерінен қуды. Ал 1291 жылы қыпшаң мәмлүктері Сириядан крест ұстаушыларды біржолата қуып, рыцарьлардың шығыстағы ең ақырғы қорғаны - Акра қаласын алды.
Сөйтіп, мәмлүктер араб жауынгерлерімен бірігіп, Мысыр мен Сирияны моңғолдардан құтқарды. Әлемге әйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар,Самарқан, Киевтердің халіне жеткізбей, Каир, Алжир, Кордоваларды аман сақтап қалды.
Мәмлүк сұлтандар басқарған Мысыр жерінде қыпшақтар Алтын Орда мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізді. Ата-бабасы қыпшақтан шыққан мәмлүк сұлтандардың жолында күнұзақ сырнай тартқан жүздеген нөкер тұрды. Қыпшақша киінген сән-салтанатты нөкерлер Бағдат, Мысыр, Мекне, Каир шаһарларының көшелерін басына көтерді. Қыпшақтың бек-тері мен байлары өздерінің жас кездерінде бабалары мінген пәуескемен Ніл өзенінің жағасында серуендеді. Мәмлүктер сот ісінде Дешті қыпшақ жобасы-мен жүргізді.
ответ:Абай - ұлы тұлға.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
Объяснение: Во держи ;)