М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Korolevanet
Korolevanet
26.11.2020 06:13 •  Қазақ тiлi

Мен менеджер болсамэссе керек.

👇
Ответ:
diana290510
diana290510
26.11.2020

ответ:Қазіргі уақытта жастар арасында ең негізгі мәселе жұмыссыздық. Бұл жастардың нарықта қандай мамандық сұранысқа ие екендігінен хабары болмағандықтан. Мамандықты таңдаған әрбір адам бір сұраққа жауап беруі тиіс: «Мен неге осы мамандықты таңдадым?». Менің бұл жазбамның мақсаты осы сұраққа жауап беру.«Мен неліктен менеджер маманыдығын таңдадым?». Ең бірінші, «менеджмент» сөзінің мағынасын ашып, менеджерлердің алатын орнын анықтап алайық. Бірде-бір компания менеджерсіз өмір сүре алмайды, себебі ұйым пайда болған сәтте оны басқаруға қажеттілік те пайда болады. Менеджерлердің атқаратын қызметі - басқару: персоналды басқару, қаржылық ағымды басқару, жобаларды басқару, ұйымды басқару және тағы басқа.Менеджер – кез келген персонал деп есептеу қате. Жоғары білімсіз, белгілі бір тауарларды сатушы адам сату бойынша менеджер бола алмайды, дұрыс ол - сату маманы. Ал, менеджер - бұл қарамағындағы персоналды басқарып, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын басқару маманы. Ұйымның кадрларын жинақтаусыз, персоналды басқарусыз ұйым табысты дами алмайды. Менеджер - жоспарлау, бақылау, ынталандыру, басқару, шешім қабылдау қызметтерін атқаратын маман.Мен «менеджер» мамандығын таңдадым. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Экономика және Бизнес жоғары мектебінде 4-курста оқимын. Оқу барысында болашақ менеджерлер үшін қажет, әрі қызықты пәндерден дәріс жүргізіледі: менеджмент негізі, экономика, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, стратегиялық менеджмент, бизнесті ұйымдастыру, жобаларды басқару және т.б. Басқару саласының мамандары, ірі компаниялардың басшылары дәріс жүргізіп, тәжірибелі менеджер болуда қиын белестерден өтіп, ұйымды тиімді басқаруда қандай шараларды қолдану қажет екендігін түсіндіреді. Осы алған біліміміз арқылы біз де тәжірибеге ие болдық. Бар ынтасын, қабілетін, құштарлығын білімге жұмсаған адам болашақта елінің мақтанышы бола алады.Болашақта қабілетті, елінің дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуы жастардың қолында. Әр адам дұрыс таңдау жасау керек. Менің таңдауым – менеджер

Объяснение:

4,4(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
123fafafartgd
123fafafartgd
26.11.2020

1)Сөз: тиянақты.

Синонимі: ұқыпты.

Аудармасы: орысша-акуратно,

ағылшынша-netly.

Сөйлем: Арман өз заттарына тиянақты қарайды.

2)Сөз: жалқау.

Синонимі: еріншек.

Аудармасы: орысша-ленивый, ағылшынша-lazy.

Сөйлем: жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті.

3)Сөз: Айлакер.

Синонимі: қу.

Аудармасы: орысша-хитрый, ағылшынша-cunning.

Сөйлем: Ақбөкен-айлакер, сезімтал жануар.

4)Сөз: Алғыр.

Синонимі: зерек.

Аудармасы: орысша , ағылшынша-capable.

Сөйлем: Қыран бүркіт-епті, алғыр құс болып келеді.

5)Сөз: Көне.

Синонимі: ескі.

Аудармасы: орысша-древный, ағылшынша-old.

Сөйлем: Бұл атамның көне мұрасы.

6)Сөз: Ерекше.

Синонимі: айрықша.

Аудармасы: орысша-исключительный, ағылшынша-еxceptional.

Сөйлем: Н.Ә.Назарбаев ерекше мәртебеге ие тұлға.

4,4(59 оценок)
Ответ:
jpjpjp
jpjpjp
26.11.2020
1) Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.

Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!
4,8(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ