М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ARTEMONUM
ARTEMONUM
23.05.2020 13:31 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен фразеологизмдерді синонимдерімен ауыс- тырып баяндаңдар. Ауыстырған сөздерді дәптерге жазыңдар.


Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен фразеологизмдерді синонимдерімен ауыс- тырып баяндаңдар.

👇
Ответ:
Nekop34
Nekop34
23.05.2020

ответ:Баласы – перзенті.

Қашқан аңды құтқармайтын – безген жануарды босатпайтын;

Саятшы – аңшы;

Тазысы – иті;

Желмен жарысқан – жүйрік

Аты – жылқысы;

Қайтыс болды – дүниеден озды/өтті

Жерленгеннен кейін жұрт – жерленгеннен кейін көшіп кеткен халық;

Баласынан қалған көз – перзентінен қалған естелік

Ұшты-күйлі жоқ болып шығады – із түзсіз жоқ болып шығады;

Аңырайды – азынайды, жылайды

Күңіренеді – қайғырады;

Оқиға – жағдай;

Тебіреніп – толғанып;

Сай - сүйекті сырқырыта – қайғыға салып, уайымдата,

Аспанға – көкке, әуеге

4,4(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svetlanakuznec5
svetlanakuznec5
23.05.2020

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

4,5(92 оценок)
Ответ:

Эссе - Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы - ұлт жанашыры. Қазақ елінің көрнекті ақыны.

Исатай бастаған көтерілістің көсемі , әрі жыршысы болады.

Менің ойымша Махамбет Өтемісұлы халқы үшін бәріне де дайын азаматтардың бірінен болған. Дәлел келтіре кетейін:

1) Махамбет батыр өз елінің азаттығы үшін , жаудан қашпай олармен соғысқан. Бұның барлығын елін құл болмай , азат жерде , азат елде өмір сүрсін деген оймен істеген.

2) Оның жырлары.

Махамбет Өтемісұлының әрбір жырлары қазақ көкірегін оятып , оларға рух сыйлайтын болған. Және сол арқылы қазақ рухты болған.

Мысалы оның мына жырын сөзімізге арқау етіп кетейік :

Ерулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Әр түйірі ат болмай,

Атыңды байлап келгенде,

Қатын-бала жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

Бұл өлеңнің басты идеясы ол ПАТРИОТТЫҚ. Ерлерді ерлікке тәрбиелеу. Халқы үшін күресуге үйрету. Жаудан қашпау сынды ерлікке тән қасиеттерді үйрету.

Көріп тұрғанымыздай Махамбет атамыз өте патриот адам болған. Себебі оның жүрегі қазағым жалғызым - деп соққан.

Сол үшін де ата- бабаларымызды қадірлей білейік. Дәл солардың арқасында осылай шалқып өмір сүріп жатқан жоқпыз ба ?

4,7(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ