6. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі арналуы мен қолданылу тәсілін және әзірленген қорғаныс шараларының жеткіліктілігін есепке алып өнім құрамымен қамтамасыз етіледі.
7. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамындағы ингредиенттер тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
8. Нарықтағы айналымға ескертпе таңбалаусыз және баламалы қорғау шараларымен қолдану тәсіліне арналған нұсқауларсыз мынадай:
1) асқазанға енгізген, теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде аса уыттылығы бойынша қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын;
2) теріні жарақаттайтын (күйдіретін) және шырышты қабыққа қайтарусыз салдарлар тудыратын;
3) теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде сезімталдық тудыру (аллергендік) әсер етуге ие;
4) гендік өзгеріс ету әрекеттерін және өну қызметтерінің бұзылуын тудыратын;
5) канцерогендік болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары жіберілмейді.
9. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздік көрсеткіштері:
1) биоыдыраушылық (толық, алғашқы);
2) сутегі иондарының белсенділік көрсеткіштері (рН);
3) ыдыс жууға арналған құралдардың ыдыстан шайылуы;
4) фосфордың бес тотығына қайта санағанда құрамында фосфоры бар қосылыстардың салмақтық үлесі (Р2О5);
5) хлорбелсенді қосылыстары бар құралдарда белсенді хлордың салмақтық үлесі;
6) тозаң түзу (тозаңның салмақтық үлесі);
7) тыныс алу жолы арқылы улану мүмкіндігінің коэффициенті (КВИО - 20 градус Цельсий жағдайында (20 0 С) ауада зиянды заттың ең жоғарғы рұқсат етілетін шоғырының тышқандар үшін заттың өлім қаупін тудыру шоғырына қатынасы);
8) аэрозольдік орамдағы тұрмыстық химия тауарлары үшін - 20 градус Цельсий жағдайында (20 0 С) аэрозольдік орамдағы артық қысым болып табылады.
10. Аэрозольдік орамдағы қауіпсіздік көрсеткіштері өрт қауіпсіздігінің мынадай көрсеткіштері болып табылады:
1) өртену жылуы, килограмға мегаджоуль (МДж/кг),
2) аэрозоль шашырауы бойынша жалынның таралу ұзындығы, метр (м),
3) аэрозоль орамына аэрозоль шашыратқышы бойынша тұтану көзінен жалынның ("кері жалын") таралуы, метр (м).
Өрт қаупі көрсеткіштерінің шектік мәні аэрозольдік өнімді қолдану аясымен айқындалады.
Аэрозоль шашыратуы бойынша жалынның таралу ұзындығы тұтанудың әлеуетті көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда шашырату үшін 0,45 метрді (м) құрауы тиіс.
Әлеуетті жану көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда тозаңдату кезінде "қайта жалынға" ие болатын аэрозольді өнімдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
11. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін беттік-белсенді заттардың толық биологиялық ыдырауының деңгейі кемінде 60 %-ды (көміртегінің қостотығы бойынша) немесе кемінде 70%-ды (жалпы органикалық көміртегі бойынша) құрауы тиіс
Объяснение:
0
Объяснение:
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады.
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.