2016 жылдан бері 1 наурыз күні елімізде «Алғыс айту күні» аталып келеді. Осы күні барлық этностар бір-біріне мейірбандық танытады. Алғыс айту күні – өткенімізге көз тастап, еліміздегі достықтың күшін нығайтуға үлкен мүмкіндік. Қазақ халқы үшін бірлік, татулық жақсы қасиет. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан халқымыз «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» деп жай айтпайды. Мен де Қазақстанды ерекше жақсы көретінімді жеткізгім келеді. Менің ұлтым- орыс. Мектеп жасымнан бастап домбыраға қызығушылық танытып, үйрене бастадым. Кейін күйшілік өнерді өмір жолыммен байланыстырдым. Балаларға музыкалық мектепте домбыра ойнауды үйретемін. Әрбір жастың бойынан қазақ өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік оята білсем, бұл мен үшін үлкен жетістік болар еді. Сонымен бірге, халық әндерін айтқанды өте ұнатамын. Мұндағы мақсатым – өскелең ұрпақты қазақ өнеріне жақындастыру, сол арқылы қазақ халқының бай мұрасын жаңғырту. Менің алғыс айтуым, қазақтың мәдениетін, өнерін баршаға таныту деп түсінемін.
Біз Қазақстанды мекендеген барлық халықтың достастығы, сыйластығына ризашылық білдіруіміз керек. Бүгінгі бірлік – бірге еңбек етіп, төккен теріміздің нәтижесі. Жылдан жылға бірлігіміз нығая берсін! Мен, сонымен қатар, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтейтінімді айтқым келеді.
Мәтіндегі шартты рай түрі бар сөйлемді жазып, жұрнағын ажыратыңыз.
ЭТО ОЧЕНЬ
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды.