Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдері арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Бұл туралы Алматы облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Марат Шайхсламұлы Әбдірахманов жан-жақты әңгімелейді. Бүгінге дейінгі табыстарымыздың барлығы осы Конституцияның арқасы. Өйткені, Конституцияны басқа барлық заңдардың атасы деуге болады. Қандай мемлекетте болсын әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруі үшін соны қамтамасыз ететін, іс-әрекеттерін, құқықтарын айқындайтын, мүдделерін, меншіктерін қорғайтын көптеген заңдар қабылданады. Бізде де солай. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Бұл – республика тарихында болған аса ерекше оқиға еді. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды.
Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті қадамдар.
Мәтіннен 2 тірек сөйлемді жаз.
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тілші:
- Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
- Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
2. Мәтіндегі мәселені анықтаңыз.
3. «Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Объяснение: