Алтын орда әдебиеті жас ұрпақты патриоттық отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра.Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.
Әдебиетте батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Сонымен қоса батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп, елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барынша шынайылықпен өрнектеледі.
Ольга Рыпакова туралы мәлімет.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде жеңіл атлетші Ольга Рыпакова жайлы айтып кеткім келеді. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, Қазақстанның көк туын желбіретті.
Ольга Рыпакова (1984 жылдың 30 қарашасында Өскемен қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық жеңіл атлетші, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады.
О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.
Ә) Баулитын өмірге
Ақылшым—мұғалім
это правильный ответ
\
Объяснение: