1-тапсырма Түркістан қаласының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, «ПОПС» формуласын пайдаланып, жазыңыз. Используя формулу ПОПС выразите свое мнение.
«ПОПС» формуласы:
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны… былай түсіндіремін »
• Үшінші сөйлем «Оны мен …деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен .. деген шешімге келдім
Тапсырма
Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (Прочитайте текст и выполните задания)
Түркістан
Түркістан- 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған рухани-мәдени қала. Елбасы Н. Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», — деген болатын. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі -Түркістанның басты сән-салтанаты. Қазақтың рухани ордасына айналған Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала- Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Түркістанның іргетасы – V-VІ ғасырларда қаланған.
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.