6-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (ІІ тоқсан) Оқу мақсаты 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу ("келісу, келіспеу" эссесі Бағалау - Мәтіннен маңызды деректерді іріктейді критерийлері: - Тақырыптан ауытқымай эссе жазады -абзац түрлерін жүйелі құрастырады -келісу, келіспкеу себептерін айқын көрсетеді -кәсіби, термин сөздерді қолданады -- мәтіннен мысалдар келтіріп, ойын сауатты жазады Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқып, тақырып қойыңыз. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз. Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес. 2. «Нұр-Сұлтан - әлемнің атақты астаналарымен бой таластыра алатын бас қала» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Білім алушы
Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды 1 тақырыбын анықтайды; 1
қажетті жолдарды іріктейді; 1
дәлелді пікірлерді ажыратады; 1
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу- келіспеу эссесін жазады
2 өзіндік көзқарасын білдіріп, келісу-келіспеу себептерін айқын жазады; 1
эссенің тақырыбынан ауытқымайды 1
абзацтар жүйесін сақтайды; 1
неологизм, термин, диалект сөз,кәсіби сөздердің қажеттісін қолданады; 1
«еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! » (н.назарбаев). талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті отанымыз – қазақстан! қазақстан – тәуелсіз ел. сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші? ! еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. әсіресе, хх ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. тәуелсіздік – арман! жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. қазіргі таңда тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Исатай тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары батыс қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. кіші жүз байұлының беріш руынан. жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан ағатай батырдың ұрпағы. махамбет өтемісұлы (1804 ж., ішкі бөкей ордасы, қазіргі батыс қазақстан облысының жәнібек ауданының нарын құмының жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, қараой өңірі, қазіргі атырау облысының индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы исатай тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.