ответ:Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. *** Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. *** Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. *** Өмір - үлкен мектеп. *** Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. *** Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. *** Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. *** Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. *** Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. *** Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. *** Кітап - алтын қазына. *** Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. *** Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. *** Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. *** Ғылым - теңіз, білім - қайық. *** Алтын алма, білім ал. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. *** Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Әліппенің ар жағы - білім бағы. *** Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. *** Шәкіртсіз ұста - тұл. *** Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. *** Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. *** Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. *** Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. *** Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
1. "Азық-түлік сауда объектілерінің құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері және нормалары (бұдан әрі - санитарлық ережелер) іс-әрекеті тамақ өнімдерін, азық түлік шикізаттарын, тамақ өнімдерімен және тамақ шикізаттарымен түйісетін бұйымдар мен заттарды айналымға жіберумен байланысты жеке және меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғаларға арналады.
2. Осы санитарлық ережелер талаптарының орындалуын ұйымдардың бірінші басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
3. Осы санитарлық ережелерді дайындау барысында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) бомбаж - банка ішінде микроорганизмдердің көбеюінің салдарынан газ түзілуінен пайда болатын консервті банка бетінің дүңкиюі;
2) дүкен - сауда-саттық, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары бар, сатуға тауарларды қабылдау, сақтау, дайындау үшін үй-жайлары бар станционарлы негізгі құрылыс немесе оның бір бөлігі;
3) көтерме сауда - бөлшек сауда кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы сауда объектілері арқылы азық-түлік өнімдерін сату;
4) азық-түліктік шикізат - тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын малдардан, өсімдіктерден алынатын сондай-ақ микробиологиялық, минералдық негіздегі өнімдер объектісі және тамақ өнімдерін дайындауға арналатын су;
5) бөлшектік сауда - кәсіпкердің сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды сатуы;
6) тез бүлінетін тағам өнімдері - тез бүлінетін ерекше сақтау жағдайын талап ететін тағам өнімдері;
7) санитарлық брак - тағамдық мақсатқа қолдануға жарамсыз деп табылған өнімдер;
8) санитарлық күн - үй-жайға (кем дегенде айына бір рет) күрделі жинап-тазалау, жуып-шаю жұмыстарын, қажет болғанда зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін арнайы бөлінген уақыт;
9) санитарлық киім - шикізатты, қосалқы материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектерден, микроорганизмдерден және басқа да ластанулардан қорғау үшін қызметшілерге арналған қорғаныш киім жиынтығы;
10) сауда объектісі - сауда-саттықты жүзеге асыру үшін сауда субъектілерімен пайдаланатын мүліктік кешен. Сауда объектілері: сату автоматы, шығарылатын сауда сөресі, автолавка, сауда шатыры, дүңгіршек, дүкен, сауда үйі;
11) тауарлардың көршілестігі - шикі және дайын тамақ өнімдерін бірге сақтауды және сатуды болдырмайтын, олардың ластануын және бөтен иістің енуін, тамақтың сапасына әсер етуін жібермейтін жағдай.