Менің қызықты жазғы демалысым. Мен жазғы демалысты әрдайым асыға күтемін. Жыл мезгілінің ішіндегі ең жақсы көретін мезгілім жаз. Жазда қабаттап киіну қажет емес. Суға түсесің бе, балық аулайсың ба, доп тебесің бе, достарыңмен серуендейсің бе бәріне мүмкіндік бар. Адамдардың көпшілігі демалысты басқа, үлкен қалаларда, шет елдерде, демалыс орындарында өткізгенді ұнатса, мен керісінше жазда үлкен қаланың асығыс өмірінен, жайбарақат, таза ауада, ауылда демалғанды жақсы көремін. Биылда жазғы демалысым жайлауда өте тамаша өтті. Көк майса жасыл шөп, қызылды-жасылды сан алуан гүлдер. Таудан аққан бұлақ. Барлығы көңіліңе қуаныш толтырып, бойыңды сергітеді. Жазғы демалысым ерекше қызықты өтті.
Жер бетіндегі ең әдемі сөз -Ана.Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды.Ана түн ұйқысын төрт бөліп ,ұйықтамай бесік таянып отырады.Ана жүрегі уайымшыл,сезімтал,нәзік.Адамзат бойына қасиетті күш беретін ,өсіріп, мәпелейтін,аялап еркелететін қасиетті адам --Ана . Ана әрқашан қиын жағдайда көмектесіп ,қол үшын беруге дайын.,,Ана ,,деген сөз -ең қымбат, ең асыл ,ең алтын сөз.Анаға арнап көп ақындар мен жазушылар түрлі шығармалар мен өлеңдерді жазған.Ананың қолы қасиетті,алақаны аялы,жүрегі жылы.Сен дүниеге жан болып келдің.Сенің іздейтініің бір- ақ жан .Ол --Ана.Ол саған бәрінен де қымбат. А ң жасы нешеде болса да ,оған әрқашанда Ана керек.
Бофорт, реактивті ұшақтар, Желкенді кемелер