М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kiradark15
kiradark15
27.11.2022 15:17 •  Қазақ тiлi

Бжб: (Қазақ тілінен)
Мәтінді мұқият оқып негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
Мәтін:
Табиғат - адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат - егіз ұғым. . Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый- құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі - адамның табиғатқа деген пейілі. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек.Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп - таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.
Табиғат - адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған а бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.
Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.
Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тыры а?!
Көмектесіңіздерші (╥╯﹏╰╥)
Тірек сөздер:
Және 2 проблемалық сұрақ.
Өтінемін​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
natashaevtushenko
natashaevtushenko
27.11.2022

Жолдасы көпті жау алмайды.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады.  Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

Өз басым «Жолдасы көпті жау алмайды»деген мақалмен толықтай келісемін. Бір жағынан бұл мақалды тура мағынасында қарастырсақ, шынымен де, досы көп адамға ештеңе де қорқынышты емес, себебі адал достары әрдайым көмекке келіп, кез келген жағдайда құтқаруға дайын болады. Ал екінші жағынан, жолдасы көп адам ең бай адам десек болады, себебі арманы, мақсаты, құндылықтары бір достары оны өмір бойы қолдап, қуанышын бөлісіп, қайғысын ортақтасуға дайын болады.

4,8(59 оценок)
Ответ:
Artëm1646
Artëm1646
27.11.2022

Туған жер.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей  ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.

4,4(73 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ