Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Қазіргі заманда нағыз досты өте табу қиын.Ия,бізбен бірге кафеге немес киноға баратын адамдар көп,бірақ қиын кезде қол ұшын соза алатын достарымыз аз.Менің құрдастарым,бір апта бұрын ғана танысқан адамдарды,досым немесе бауырым деп атап жатады.Менің ойымша бұл дұрыс емес,оларды дос ретінде қабылдау үшін,өмірдің сынақтарынан бірге өту қажет.Ал, егер сенің жаныңда уақытын,ақшасын немес өмірін құрбан етуге дайын адамың бар болса,шынайы достық деген осы.Бұл өмірдегі өте құнды нәрсе,сондықтан оны қадірлеу қажет!
"Ағаш тамырымен,адам досымен мықты"деп бекер айтылмаған.Жақын достарымызды бағалайық