Хан Тәңірі шыңы
Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.
Бурабай курортық аймағы
Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.
Шарын шатқалы
Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген
Объяснение:
Нұр-сұлтан қаласы Қазақстан мемлекетінің бас қаласы.Бұрынғы атауы "Астана".Нұр Сұлтан қаласы өте әдемі көрікті қалалардың бірі. Астанаға 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "Бейбітшілік қаласы" деген атау берілді,арнайы медальмен марапатталды.Нұр Сұлтан қаласы күннен күнге көркеюде,өсуде."Астана-Бәйтерек","Отан-Ана","Қазақ елі" монументтері ,"Хан Шатыр","Думан" сауда және ойын-сауық орталықтары,алаңдар мен көшелердегі декоративті мүсіндер,салтанатты "Ақорда",сәулеті келіскен сол жағалау,келбеті өзгеше "Бейбітшілік пен келісім сарайы" сынды ғажайыптары бар сұлу шаһар.Нұр сұлтан әлемдегі ең жас астана.Ол- ТМД аймағындағы ең қауіпсіз қалалардың бірі.Астанада қазір 120 этнос өкілдері ортақ мақсат идеясында еңбек етуде.ТМД елдері ішіндегі алғашқы мұзитбақ Астана қаласында ашылды.Бұл мұхиттан 3 мың шақырымнан аса қазақтықтан жатқан әлемдегі жалғыз океанариум.Тағы да, Нұр Сұлтан қаласындағы Қазіргі заманғы өнер мұражайы.Мұражай 1980 жылы 2 қазанда ашылған.Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында 4000 нан астам көркем шығарма бар.Міне,Нұр Сұлтан қаласының өзінде қаншама көрікті,рухани,тарихи заттар өте көп.Мен өз елі мен мақтанамын!