М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rus288
rus288
28.01.2023 05:10 •  Қазақ тiлi

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Төменде берілген екі мәтінді оқыңыз. Олардың тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.

1-мәтін

Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.

Ол ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау - бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны - күмбез, желі - жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.

Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса - жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жаңбыр жауса жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып еріксіз елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал.(245 сөз)

http://adebiportal.kz/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf

(Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан ықшамдалып алынды)

2-мәтін

Қазақ халқы үшін «дос» киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: «Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас». Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбат па, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.

Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.

Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.

Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де, сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ.

Ал дұрыс дос таңдай білу жөнінде ислам ғалымдары мынадай ақыл кеңес айтады:

1. Досың ақылды болсын.

2. Досың адал әрі аңғарымды болсын.

3. Досың көркем мінезді болсын.

4. Досың ақпейіл әрі насихат беруші болсын.

5. Досың сырыңды және кемшілігіңді жасырушы болсын.

Дос - биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны», - деген қазақ фәлсәфасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек, әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. (193 сөз)

https://akmechet.kz/kz/propovedy/articles/nravstvennost/nazidanie18072016-04.html (мақала ықшалдалған, өңделген)

бжб еді​

👇
Ответ:
гора7р
гора7р
28.01.2023

Объяснение:

Кім білед осы номерге жиберсинши

87750937709

4,5(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ангел813
ангел813
28.01.2023

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады

4,6(99 оценок)
Ответ:
DENISIZ8V
DENISIZ8V
28.01.2023

ответ:1)Қазақстанның ауа райы бір -біріне ұқсамайтын болып келеді.Мыс:Оңтістікте ыстыщ болса ,Солтүстікте суық деген тәрізді.

2)Оңтүстіктегі ауа райы ыстық болып келеді.Жауын-шашын да жиі жауып тұрпды .Бірақ Жетісай тәріздес жерлерде ыстық көп болады

3)Солтүстіктегі ауа-райы ыстық емес,суық болып келеді.Ол жақтарды қар,жаңбыр көп жауады.

4)Республиканың оңтүстігінде күріш,қант қызылшасы мақта өсіріледі.Мақтарал және Жетісайда мақта көп өсіріледі.

5)Солтүстікте Көкөністердің көп түрі(Картоп,қияр,қызанақ,пияз,т.б),бидай өсңріледі.

Объяснение:

4,5(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ