Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып, Көкпар тартып, қыз қууға жаралған. Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін. Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын. Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын, Құдаларын құдайындай сыйлайтын. Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын. Қазақ осы - жайып жатқан қанатын, Батыр халық, ақын халық - дәл аты. Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, Дос келді деп, жасап жатыр анық той. Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22691/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
1,8