үні,Абай тынысы
Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы ,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр.
М.Әуезов
Бүкіл Алаш жұрты,еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе,ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы-қасіретіне қарамастан ,жұртының сол кездегі хал-жағдайын көріп ,ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып,халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп ,халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп,аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды.Соның бірі,осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін –ұлы Абай.
Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стомотология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “Өлмейтұғын артына із қалдырған” атты факультет аралық сайыс өткізілді.Сайыс үш бөлімнен тұрды. “Өлең сөздің патшасы-cөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса, ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады. “Өлмейтұғын артына із қалдырған” үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті.Соңғы “Бәйге”атты бөлімде,Абайдың өмір жолына ,шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі,білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша ,Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “Үздік Абайтанушы”номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені жөнінде әділқазылар тарапынан пікір айтылды.Бұл сайысқа келген көрермендер де,қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай, рухани мол қазына,жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі,бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани,адамдық, ізгілік,парасаттылық,сауаттылық,еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады.Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стомотология факультетіне алғыс білдіреміз.
Жыл аяқталған сәтте спорт үздіктерінің есімдері белгілі болады. Біздің еліміздің әр аймағында облыстық спорт комитеттері жыл бойында өздерінің спортшыларының ұлттық құрама сапында шет ел ареналарында немесе өз ішіміздегі жарыстарда қол жеткізген табыстарын елеп-ескеріп, оларға сый-құрмет көрсетуде. Садық Мұстафаев басқаратын Қызылорда облыстық спорт басқармасы жыл қорытындысын өзгеше әдіспен шығарыпты. Яғни әр спортшыға жарыстарда қол жеткізген жетістігі үшін ұпай беріліп отырады екен. Шәкірті жүлдеге ілініп жатса, бапкерінің де еншісіне ұпай жазылады. Биылғы Сыр елінің үздік спортшысы, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Илья Ильин атанды. Ильин – сондай-ақ спорт саласы бойынша «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Ал оның бапкері Валерий Пак үздік жаттықтырушы атанды. Ильин әрине, жылғыз Сырдың емес, бүкіл Қазақ елінің үздік спортшысы атағына әбден лайық. Илья осы күзде ғана әлем чемпионатында екінші мәрте алтын жүлдені жеңіп алып, соның құрметіне Санто Доминго аспанында көк байрағымыз қалықтап, әнұранымыз шарықтаса, сол жетістігін Илья Катарда өткен Азия ойындарында қайталап, мерейімізді бір тасытып тастады. Талантты спортшының осындай толағай табыстарға қол жеткізуіне жергілікті спорт басқармасы да өзіндік үлес қосып отыр. Оның жаттығу жиындарынан қол үзбей, алаңсыз дайындалуына барлық жағдай жасаған. Ірі жарыстан жеңіспен оралған Илья әрқашан да облыс әкімі Акрам Адырбеков тарапынан қомақты сыйлықтарға да ие болды.