Менің болашақ мамандығым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Менің отбасым
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз.
Атам мен әжем зейнеткерлер. Зейнетке дейін атам мал дәрігері, ал әжем есепші болып жұмыс істеген.
Әкемнің аты - Олжас, жасы қырықта, қаржыгер болып жұмыс істейді. Анамның аты - Алуа, жасы отыз сегізде. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.
Ағамның аты - Сабыржан, жасы жиырмада. Сабыржан университетте білім алуда, болашақ заңгер. Мен мектепте оқимын, жасым он төртте. Қарындасымның есімі Аяужан, ол үшінші сыныпты оқиды.
Біз отбасы болып демалғанды ұнатамыз. Демалыс күндері ауа райына байланысты не серуенге шығамыз, не бәріміз ойын ойнаймыз. Ата - анамыз бізді салауатты өмір салтына сай тәрбиелеуде.Бәріміз де спорттың әр түрімен айналысамыз. Ағам бокспен шұғылданса, мен жеңіл атлетика үйірмесіне қатысамын, ал қарындасым жеңіл атлетика үйірмесіне қатысады.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Семиозер ауданы «Шөптікөл» совхозының Киров бөлімшесіне үш-төрт шақырым жерде. Шоқан туған жылы Аманқарағай дуанының (округінің) осында ауысуына орай, жаңа дуан да Құсмұрын болып аталып кеткен. Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған. Анасы Зейнеп – қазақша хат таныған, өз заманының көзіқарақты қыз-келіншектерінің бірі. Шоқанның туған жері неліктен Құсмұрын деп аталатындығын жазушы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабында: «Бекіністің сырт желкесіндегі қырқаның тұмсығы сағымды күндері алыстан қараған адамға... қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсауына қарай...» – деп түсіндіреді.
Шоқан қырғыз елінде 1857 жылы, Қашқария сапарының алдында болып, 1856-1857 жылдар аралығындағы сапарларының негізінде «Қырғыздар жайындағы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Ыстықкөлге бару сапары» атты ел назарын өзіне бірден аударған әйгілі еңбектерін жазған. Шоқанның бізге тікелей қолжазба ретінде жеткен бұл шығармаларында сия, тұш, қарындашпен салған тартымды суреттері де бар. Суреттер әсіресе «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» мейлінше мол ұшырасады әрі онда қырғыз бен қазақ халқының сәулет өнері үлгілері салыстырмалы түрде кеңінен қамтылады. Сонымен қатар осы сапар барысында 1856 жылы 18 сәуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін ескілікті обалардың Лепсіге дейін тапшы екендігіне көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады. «Ыстықкөл сапарының күнделігіндегі» алғашқы суреттің қағазға таңбалануын Шоқанның өзі былай түсіндіреді: «Майдың 17-сінде... Біз Торайғыр тауының солтүстік бауырына аялдадық. Қонған жерімізде күздің ызғарындай салқын жел соғып, кеш өте суық болды. Түн бойы қардың төгіліп жауғаны соншалық, Алатау мен Іле атырабы аралығындағы кеңістік құдды бір қыс мезгіліндегідей аппақ түске еніп кетті. Торыайғыр тауының басынан қарағанда, жоғарыда аталған төңірек пен тау шоқыларының көрінісі, міне, мына тәрізді». Автор бұл суретін «Торайғыр тауы шоқысынан қарағандағы көрініс» деп шартты түрде атаған. Шоқан қолжазбасында сиямен немесе қарындашпен салынған суреттеме мен сөзбен бейнеленген суреттеме қатар беріліп, бірін-бірі жандандырып, толықтырып отырады. Тұтас алғанда, қолжазбадағы әрбір жекелеген беттердің композициялық үйлесімі көз тояттарлық әдемі. Мұнан Шоқанның неге болмасын суретшілік көзбен қарағандығын аңғарамыз.