«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»
Менің балалық шағым өте қызық әрі ерекше өтті. Кей уақыттарда мен анамды тыңдамай оған сөз қайтарушы едім. Ия, оным дұрыс болмағанын білемін. Кей балалар әке-шешеден жақсылық көрмей, бақытсыздыққа ұшырады. Ал менде олай болмады. Ата-анам қасымда, мені жақсы көрді. Ал мен болсам анама сөз қайтарып, оның жақсылығын түсінбедім. Ол мені туу үшін қанша ай көтеріп, қиналып жүрді. Менің жасым 10ға толғанда ол ісімнің дұрыс еместігін түсіндім. Күніге ата-анамды құшақтап сол күнмен рахаттандым. Оларға мыңда бір рахмет, себебі сол ісім үшін мені ұрмады, жықпады, балалар үйіне бермеді. Міне, осылай менің балалық шағым өтті.
Атмосфера (көне грекше: ἀτμός — бу, шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында маңызды роль атқарады.
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
Литосфера — жер қабығы
Биосфера - жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера - заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.