Қазақстан бірлігі жарасқан елдердің бірі.Қазақстанда бірнеше халық түрлері бар.Олар барлығы бір отбасы мүшелері секілді тату тәтті өмір сүруде.Барлығы бір бірін құрметтеп жақсы көреді.Бұл елдің призиденті Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлы ол өте жақсы кісі.Ол елдің бірлігін сақтап тұр.
Объяснение:
Казахстан - одна из самых сплоченных стран. В Казахстане существует несколько типов народов. Все они живут в гармонии как члены одной семьи. Все уважают и любят друг друга. Президент этой страны Касым Жомарт Токаев Кемелович - очень хороший человек. Он сохраняет единство страны.
Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.