М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anchobaby
anchobaby
20.04.2020 07:06 •  Қазақ тiлi

А) Сонымен қатар, шамдардың пайдалану мерзімі қарапайым шамдармен салыстырғанда сегіз есеге артық. ә) Өйткені энергия үнемдеуші шамдар қарапайым шамдарға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз , бірдей жарық береді.

с) Тұтынушы үнемдеу үшін төменгі қуатты диодты шамдарды пайдалануға тырысады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
kudinovakarina27
kudinovakarina27
20.04.2020

Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлақ үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатса, екінші жағында «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген, ізгі ықылас-игілікке деген тілектестік жатады. Қазақта батаны көбінесе келешегі алда жас өспірімдер сұрайды. Жақсылардың, көп жасағандардың, киелілердің, аузы дуалылардың батасын алуды жақсылыққа санап, ырымдайтындар ертеде осындай адамдарға алыста болса да арнайы жіберетін.

Ендігі бір түрі – қонағасына, сойылған соғым басына, жиналған егінге, күздікке, жауын жаумаса тасаттыққа, түрлі жақсылықтарға арналып жасалған той-томалақтарға, берілетін асқа, садақаға сойылатын малдарға берілетін бата. Мұнда батаны жас өспірімдер, балалардың сұрауы шарт емес, үлкендердің де сұрай беруіне болады.

Қазақта батаның түрі тым көп. Әр адам өз білгенін айтса болады. Бірі – «батыр бол» десе, бірі «бай бол», «ақылды бол», «ақ сақалды сары түсті шал бол», тағы бірі «бәледен сақта», -дейді.

Бата – негізінде намаздың соңына қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары сол дұғаның үлгісінде айтылатын түрлері. Оның бата берушіге байланысты ұзыны да, қысқасы да болады. Әрине, баталар да әр түрлі болады. Олардың қандай жағдайда қай түрі қолданылатынын аңғара білу керек. Олар – ел тірлігі, ұлттық намыс, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі, жас отауға жақсылық, жорық-шерулерге аттанар сарбаздар мен сардарларға жеңіс тілеу, алыс жолға ат басын бұрғандарға сәттілік, өмір жолын жаңа бастаған өренге, жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр, өнегелі жол тілеу, мұсылмандық мұратына ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, дастархан берекесі. Ұзақ өмір, зор денсаулық, тыныштық, адамгершілік тағы басқалар жайында баталар түрін кездестіруге болады

Объяснение:

Ты казах или русский если ты казах это меня так раздражает то что ты не знаеш что такой бата

если ты русский то извиняюсь за это слова

4,4(77 оценок)
Ответ:
Djunisova
Djunisova
20.04.2020

Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

4,5(42 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ