Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері:
1)Есілдің жағасы. Мұнда барлығы – жастар, зейнеткерлер, бір-біріне ғашық жандар, спортшылар, музыканттар, балықшылар, туристер келеді. Жағалауда көз тартатын көріністерді тамашалап, суретке түсіп, Есілде шағын кемемен жүзуге болады.
2)«Бәйтерек» монументі Астананың жергілікті тұрғындарының өзі ешқашан көрмеген немесе оған өзге қалалардан келген туыстарын қыдырту үшін өмірлерінде «бір-ақ рет барған» деген пікір қалыптасқан. «Бәйтерек» монументі – мегаполистің ең басты көрнекті орындарының бірі. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің символы ретінде елбасының бастамасымен салынған.
3)«Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде белгілі. Бұл жерде көптеген бутик, мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, балалар алаңы, тіпті жағажайға дейін бар.
4)Халық арасында «пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу үшін арнайы салынған.
5)«Думан» сауық орталығының океанариумы мұхиттан 3000 шақырымда орналасқан.
Және де тағы да басқа көптеген көрікті жерлер бар.
Тәуелсіздік - кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Тәуелсіздік - сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан.
Қазақстан - өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар.
Тәуелсіздік не шін киелі ұғым?
Тарихтың тереңіна үңіліп, әрбір тас бетінде қалғана таңбаларғо қарап бабаларымыз жасап келе жатқана дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар , аштық, жау тылынд қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз . Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдында бір төбе.
«Кие»деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның астарында тоғысып кететін бүкіл бір тағдырдың тауқыметі мен қасиеті жатыр. Сондықтан да еркіндікті аңсап өткен хандарымыз үшін, біз үшін тәуелсіздікке баға жетпейді.
Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрли кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу - мойнымыздағы парыз