1. Мәтінді түсініп оқы Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілген электр
қуаты халық шаруашылығына жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді
жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы
көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады.
Республиканың кейбір су электр стансаларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген тиімді. Қыс
айларында желдің күші көбейсе, жаз айларында азаяды. Ал, су керісінше, қыс айларында азайса,
жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Бұл-өте зор
энергия көзі. Біздің мемлекетіміз осы шараларды жетілдіру үшін жұмыс жасауда. Өзіміздің
елімізде мұндай жұмыстардың жасалуы- оте қуанышты жағдай.
1. Мәтінге ат қой:
2. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
1
2
р
12
1. Зат есімді табыңыз.
Д) Немере
2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз
С) Рақ - мет
3.Тура мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз
А) Басым ауырды
4. Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.
В) Аяқ
5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз
Жақсы сөз -
Д) Жарым ырыс
6. «Момын» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.
А) Қой аузынан шөп алмас
7. Сын есімді табыңыз
В) Айнадай
8. Туынды сын есімді белгілеңіз.
Д) Атақты
9. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз
С) Ара
10. Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді көрсетіңіз.
Е) Ағайын – алтау, ана – біреу
11. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Қайдан келдің, бауырсақ?
12. Сан есімді табыңыз
В) Бесеу
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын атаңыз
С) Ш. Уалихан, Ж.Мәлібекұлы
14. Өздік есімдікті табыңыз
А) Өзім
15. Одағай сөзі бар сөйлемді табыңыз
D)О, бәрекелді, мынау қандай ер еді !
16. Белгісіздік есімдікті табыңыз
Е)Біреу
17. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз
Д) Дәрігермін
Е) Баламын
18. Берілген сөздерден синоним сөздерді көрсетіңіз
С) Ауру, сырқат
Е) әдемі,сұлу
19. “Ұстаз” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
С) Оқытушы, мұғалім
20. “Тегін” сөзінің антонимін жазыңыз.
Е) Ақылы