Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
Әрбір адам өзін күтетін, жақсы көретін бақытты отбасы туралы армандайды. Көптеген адамдар шын бақытты ең алдымен отбасынан көреді. Отбасы сөзімен біздің өмір, бейбітшілік, махаббат тіралы ең алғашқы ойымыз қалыптасады. Үй - бұл ең алдымен отбасы, бұл тұған жеріңе деген махаббат басталатын кіші Отаның. Жанұя - бұл сенің ең сүйікті әрі ең жақын адамдарың. Маған жаұя анадан басталады. Ананың махаббаты, мейірімі бізді өмірге келген кезден-ақ басталады. Ана - отбасы ошағын сақтаушы. Ол барлық отбасын ұстап тұрады: жұмыстан келгеннен кейін тамақ дайындап, үй жинайтын да осы ана. Мен анамның қалай ғана барлық іске үлгеретініне таңданамын. Біздің үйде маған да, әкеме де, тіпті жануарларға да жылы әрі ыңғайлы. Әріне, жалғыз анам бүкіл отбасыны құрай алмайды. Өйткені, отбасы - бұл барлық адамдар. Көмек беру, мейірімділік менің отбасымда жылулық сақтап отырады. Әрбір отбаснда өзінің әдет-ғұрыптары, мейрамдары болады. Бұл біз үшін ең алдымен күлкі, қуаныш, достар, сыйлықтар, жақын адамдар. Отбасылық мейрамдарға бәріміз бірге дайындаламыз және асыға күтеміз. Мейрамдарды біз табиғатта, үйде өткіземіз. Көбіне мұндай атаулы күндерді біз ата-анамыздың достарымен өткіземіз. Отбасы әрқайсысымызға ең ыстық. Бұл ортада бізге біздің қателіктерімізді айтады, әрқашан жақсы көреді. Отбасысыз адам өмір сүре алмайды. Менің отбасым- менің қорғаным.
Там не видно вообще