М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
qq503
qq503
03.03.2020 00:46 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқып, тақырып қойыңыз. Мәтіннен Астана қаласының абыройын
асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз,
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние
Та саналатын, алелнң атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой
таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тауелсіз Қазақстанның
Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы
Саясат, мгырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық ортпалык,
дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері
Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды.
Айбарымызды ackakmamkar Азиаданы қоспағанда халықаралық
саясе
экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі
халықаралық шешімдер қабылданған Мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда,
Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның Еуразияның да беделін
алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі
шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз.
Расында ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын
асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі түр
десек артық айтқандық емес.
2. «Нұр-Султан - алемнің атақты астаналарымен бой таластыра алатын бас қала деген
тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе мәтіннен іріктелген
мысалдарды қолданыңыз АЖазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз,
касіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Алёна16578
Алёна16578
03.03.2020

Объяснение:

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Өткен жылы Абайдың шығар­ма­ларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бас­тама бірнеше айға ұласты.

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/

© e-history.kz

4,6(30 оценок)
Ответ:
nikarh
nikarh
03.03.2020
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
4,4(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ