Тынысалуға арналған қорытынды. Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.
--Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесін? --Қазақ халқының музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады. --Домбыра ол қандай, неден жасалады ? --Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады. --Домбыраның даусы қандай ? --Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды. --Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ? --Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата. --Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ? --Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі.. --Бұл мереке қашан тойланады ? --Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні. --
-Сен қазақ халқының қандай музыкалық аспабын білесін? -Қазақ халқының музыкалык аспабы -домбыра қобыз. -Домбыра ол қандай? --Домбыра -қос ішекті.. -Домбыра неден жасалады? -Домбыра ағаштан жасалады. -Домбыраның даусы қандай? -Домбыраның даусы майда қоңыр құлаққа жағымды.Қазақ халқының ақындары әншілері күйшілері домбырамен ән салып күй ойнайды. -Күй деген не? -Күй домбырада ойналатын музыкалық шығарма.. -Қобыз қандай аспап? -Қобыз -сыры мол күрделі аспап. -Қобызды неден жасайды? -Қобызды ағаштан жасайды.Қобыз үні -халықтың қуанышы мен мұңы үні.. -Аңыз бойынша қобызды кім жасаған? -Аңыз бойынша қобызды жасаған Қорқыт ата. - -