ответ:Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. *** Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. *** Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. *** Өмір - үлкен мектеп. *** Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. *** Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. *** Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. *** Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. *** Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. *** Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. *** Кітап - алтын қазына. *** Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. *** Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. *** Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. *** Ғылым - теңіз, білім - қайық. *** Алтын алма, білім ал. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. *** Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Әліппенің ар жағы - білім бағы. *** Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. *** Шәкіртсіз ұста - тұл. *** Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. *** Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. *** Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. *** Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. *** Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
Қоңырау соғылғанда мен сыныппен бірге сынып қа кіремін . Әр кім өз орына отырады.Мұғалім сыныпқа кіреді ,біз сәлемдесіп орына отырамыз.Біз мұғалімді құрметтейміз сондықтан біз қазақ тілі мұғалімді мұқият тындап ,тып тыныш отырып,тапсырманы дұрыс орындаймыс.қазақ тілі сабағы менің ең сүйекті сабағым сондықтан сол сабақтан 5 баға алу тырысамын.Қазақ тілі сабағында біз жаңа тақырып өтеміз . сол тақырып бізге түсінікті болу үшін мұғалім бізге бір неше мысал келтіреді . сол тақырыпқа байланысты біз әр түрлі жаттығулар орындаймыз.Сабақ біткеннен сон біз қазақ тілі дәптерді тексеруге тапсырамыс. содан кейін біз кетеміс.менің ойымша қазақ тілі сабағы ең қызықты сабақ!