Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы — бисмиллаһ,
Біз айталық, сіз тыңда
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан —
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір алладан басқаның
Көпті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Əуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Əуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтереалмайбилігін,
Ұласқанүлкенкекболды,
Ниетінеқазақтың
Тым-ақтəуірепболды —
Заманақырболардеп,
Солсебептенқорқамын!
Мыназаманқайзаман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығыныңбелгісі:
Жақсы — жаннантүңілген,
Жаман — малдантүңілген,
Мұныңөзі — зарзаман.
Зарлығыныңбелгісі:
Бір-бірлерінкүндеген,
Жай-жайынажүрмеген,
Мұныңөзі — тар заман.
Тарлығыныңбелгісі:
Мұсылманнан хал кетті.
Тəңірімболғайдеместен.
Анты жұқпасбойына,
Əр не түсеройына,
Жалмауызболдыүлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадандəуренкеткенсоң,
Қуғындапорысжеткенсоң,
Тіптіамалжоқ, қазақтар,
Ендісеніңторыңа ассонос қай жерде пен аллитерация қай жерде
Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады.
Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс.
Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі.Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады.Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді.Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды.Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды.Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.