М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maks694
maks694
29.07.2020 06:55 •  Қазақ тiлi

Берілген мақал-мәтелдердің бірінші сыңарындағы етістікке шартты райлы жұрнақтарды жалғап, сөйлемді өзгертіңіздер. 1.Бірлік болмай, тірлік болмас

2.Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады

3.Саусақ бірікпей, ине ілікпейді

👇
Ответ:
nestarenko7ozgxln
nestarenko7ozgxln
29.07.2020

1) Бірлік болмаса , тірлік болмас .

2)Бірлігі жоқ ел тозса , бірлігі күшті ел озады . 3)Саусақ бірікпесе , ине ілікпейді .

4,7(49 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
romashka412
romashka412
29.07.2020

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия  тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теориясын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, бауырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық.

Иә, махаббат сөзіне сансыз анықтамалар айтып, түсіндірмелер берсе де аз болмайды. Себебі, ол – шетсіз, шексіз сезім. Қашан адамның жүрегінен махаббат сезімі өшсе, сол кезде қоғам кері кетіп, ізгіліктен жұрдай болады. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен?” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады. Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Өйткені, шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Қалай алып қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді.

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махаббаттан не басталады? Махаббаттан барлығы басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Сондықтан, махаббат – ең жақсы өмір жағы.

Объяснение:

4,7(12 оценок)
Ответ:
AlisaLisa005
AlisaLisa005
29.07.2020

3 Тапсырма.

1. Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы көптеу?

Алдымен пайдасын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Демек, пайдасы көбірек болып тұр.

2. Ия, менің пікірімше, қазіргі жастарда ғаламторға деген тәуелділік бар.

3. Ғаламторға деген тәуелділіктен бірден құтылу қолдан келмес. Бірақ, күнделікті пайдаланатын уақытты аздап азайтып отырса және тек қажет уақытында ғана жұмыс жасап, бүкіл бос уақытты сарп етпесе, біртіндеп құтылуға да болады.

4. Әлбетте, білеміз және оны әрдайым жадымызда ұстау керекпіз.

4 Тапсырма.

Интернеттен ақпарат іздемес бұрын біз негізгі үш нәрсемен таныс болуымыз керек. Олар w.., іздестіру жүйелері және MS Internet Explorer. WWW тақырыбы ғаламтор мағынасын, ақпарат түрін және web құжатты қарайтын программалық құрылғыны қамтиды. Ал іздестіру жүйелеріне келер болсақ, олар қазіргі таңда кеңінен тараған және олардың ең танымалдары – goog..., ramb... және ya Сонымен қатар ақпарат іздеген кезде браузердің қызметтік мүмкіндіктері мен браузер терезесінің жұмыс істеу ережесін білу қажет.

Ал диаграммада келтірілген ақпаратқа келер болсақ, сауалнама келесідей нәтижелер көрсетті: сауалнамаға қатысқан адамдардың басым бөлігі бос уақыттарын әлеуметтік желіде өткізеді, келесі көрсеткіш спортпен айналысатын адамдар саны, ал кітап оқып, бос уақытында достармыен кездесіп, теледидар көретін адамдар саны бірдей десек болады.

4,8(51 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ