Ғалымдар қоқиқаздың не себепті бір аяқпен тұруды қалайтынын анықтады. Бұл – құстың бойына суық өткізбеу үшін жасайтын инстинкті екен. BBC News порталының мәліметінше, осы кезге дейін зоологтар арасында қоқиқаздың бұл әдеті жайлы сан алуан пікірлер қайшылығы қалыптасқан. Зерттеушілердің бір тобы қоқиқаз аяқтарының шаршауын басу үшін бір аяқтап қалғуға дағдыланған десе, бұл – құстың жыртқыштардан дереу құтылып кетуге сақадай-сай тұруы деген болжам тағы бар. Жаңа зерттеудің авторлары бұл пікірлердің анық-қанығына көз жеткізу үшін Кариб аралдарын мекендейтін Phoenicopterus ruber қоқиқаздарын бірнеше ай бойы бақылады. Нәтижесінде құстың бір аяқпен тұрғанда да, екі аяқпен тұрғанда да аспанға бірдей көтерілетіні дәлелденді. Және оның тек ағынды суда ғана бір аяқтап тұратыны белгілі болды. Бұдан ғалымдар мынадай қорытынды шығарды: бір аяққа сүйену – қоқиқаздың үнемі суық күйде болатын ағынды суда бойына жылу сақтайтын инстинкті.
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!