Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі тупойЖақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы [1] – 2 тамыз 2020) — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
1981 жылы әлем чемпионы,
1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Объяснение:
Менің туған күнім
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.
Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, өнегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тұтас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге құрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең көлемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да өсиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен кезеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, сол арқылы күреске тұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық көрінбей қалған жоқ. Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз көркем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр кез қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр күйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Басқа емес, дәл осы тарихи шындық Ұлы ақынды поэзияның озық үлгілерін жасауға үнемі бой ұрғыза отырып, заманның өрісі жеткен әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры - надандыққа соққы беруге бастап әкелді. Мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың ұзақ ғасырлық самарқаулықпен керітартқан, өмірдің басқа да жақтары, жолдары бар деп білмеген түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой ұрғызды. Осы тұрғыда Абайдың нақыл сөздер ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік т. б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас формасы, айнымас мазмұн тапқан үлгілері. Абай нақыл сөздернің тақырыбы - оның тұтас шығармасына тән дүниелер. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Ақын шығармаларындағы нақыл сөздерді: өнер-білім, тәрбие, еңбек туралы; достық, адамгершілік, сүйіспеншілік туралы; адам мінездері туралы; философиялық; өнер туралы деп жіктеп, топтастыруға болады.Нақыл сөздер: Қарға тамырды қазақпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
Өз жұрттың - күңшіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.