1 тапсырма. Берілген мәтінді оқы. Оның түрін, жанрын, стилін анықтап, жаз. Нағыз шофер мейлінше сабырлы да сақ болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық қызығына желікпейді.
Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Кейде олар бірнеше мың км жол жүреді.
Ол өзі жүргізетін автомобильді жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды.
Мәтін түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
Жанр түрлері: әңгіме, өлең, эпос, эссе
Стиль түрлері: ғылыми, көркем, ауызекі
Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналас-қан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір мыс қорыту зауытына тасылып тұрған. 1856-87 ж. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді. 1899 жылы Рязановтың мұрагері кен орнын француз концессионері Карноға сатты. 1907 жылы кен орны ағылшын концессионерлерінің қолына көшті.Мен Қарағанды қаласы жақсы көремін.
выбирай любое и не забудь по благодарить)