Ядролық сынаққа ыңғайлы жер іздеген кеңестік ғалымдар ұсынылған әлденеше аймақтан Семей өңірін таңдауы; анығында олар елсіз қиырды іздеуге тиіс еді, амал не, ғалымдар комиссиясы қазақтар ежелден қоныс еткен Дегелең баурайын полигонға қолайлы санап, сол аймақты қағаз жүзінде шөл далаға айналдырып, үкіметке жалған мәлімет ұсынған. Шындығында сол аймақ халық жиі қоныстанған, мал-жанға қолайлы, қайнар бұлақтары сарқылмайтын, тал-қайыңы желкілдеген шұрайлы өлке болатын.
Полигон басшылары және әскери бөлім мың шақырым қиырдағы Солтүстік мұзды мұхитқа сарқылмай құятын, жағасына іргелі қалалар мен елді мекендер жиі орналасқан Ертіс жағасына тоқтап, мекенжай салды, бертінде сол Курчатов қаласы атанды. Ал айдыны шалқар өзеннің оң жағалауы мыңдаған жылдар бойы аса бойшаң қарағай орманы өсетін-ді, жал-жал құмы да ерекше құнарлы, емдік қасиеті де болатын. Нақ осы өңірде қазақтың құдіретті сөзін жаңа белеске көтерген Абай, Шәкәрім, Әуезов сынды һәм олардан да өзге ақылгөй ойшылдары мен ақын-жыраулары өмір сүрді. Кеңес Одағы осылайша әлемдегі қару бәсекесінде қазақ даласының тоз-тозын шығарып, бейбіт халықтың қасірет шегуіне әкелді
Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол әлдекімнің бағалылығын, объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді [1]. Дүние құндылыққа толы – материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Осы орайда, құндылықтың адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Олар құндылықтар, дін, тіл, әдет-ғұрыптар және қоғамдық институттар сияқты ұғымдарды пайдалана отырып, өздерін анықтайды.
Объяснение:
Қайратты-Батыр Керең-Естімейді