М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vikkkki1
vikkkki1
07.12.2021 02:43 •  Қазақ тiлi

Оқылым 1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған.Екі қабатты фоенің пішіні эллипс тәріздес,биіктігі-13метр.Театрдың фоесінде түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруға болады.Ұлттық музейдің экспозициялық кешендерінде «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Этнография», «Тарих», «Заманауи өнер» атты залдары бар. «Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. Салтанатты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз – Елтаңба, шаңырақ, киіз үй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейнеленіп, «Қазақстан» деген сөз жазылған.«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы – айрықша сәулет ескерткіші. «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. Арка ұлттық оюмен безендірілген. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Қақпаның бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған. Онда Егемендік туралы декларация көрсетілген. Бұл қабырғада «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды нысандардың суреттері салынған.





2- тапсырма. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз. 5ұ
1.
2.
3.
4.
5.

3- тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз/1,2,3/.
1.«Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр.
2.«Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді.
3.«Мәңгілік ел» салтанат қақпасы – айрықша сәулет ескерткіші. 3ұ

👇
Ответ:
daryatitova1
daryatitova1
07.12.2021

1)Екі қабатты фоенің биіктігі қанша метр?

ответ:Екі қабатты фоенің биіктігі 13 метр .

2)Театдрің фоесінде не ұйымдастыруға болады?

ответ:Театрдің фоесінде әр түрлі мәдини шаралар ұйымдастыруға болады.

4,5(33 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alleksus
alleksus
07.12.2021

Объяснение:

«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ, 1925 жылы паң Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.

Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Кашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған ав­тор­дың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа ең­бегінің таныстырылымы Ас­танадағы ҚР Ұлттық акаде­мия­лық кітап­ханасында өтті.

Аталмыш шара биыл елордада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды. Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. Былтыр Әміре тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық қазақ музыкалық драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын. Қазақстан мен АҚШ бірігіп, қазір Әміре жөнінде көркем фильмді түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары аяқталып қалды. Бұйырса, «ЭКСПО» көрмесі кезінде бұл кинотуынды қалың көрерменге жетеді. Мұны таныстырылымға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сүйіншіледі.

Министр Әміренің Парижде жеңіп алған күміс медалін де жиналғандарға көрсетіп, елді елең еткізді. «Мұны ҚР Ұлттық музейіне апарып қойсақ, дұрыс болады. Әміре Франция астанасында ғана емес, Германияда да өнер көрсеткен. Әйгілі қазақ әншісінің тұлғасын ашуға қатысты жасалатын әлі де қаншама жұмыс бар. Оның қай елдердегі, қандай концерттерге қатысқанын дүние жүзіне паш етуіміз керек» деді А.Мұхамедиұлы.

Кезінде фонографқа жазыл­ған Әміренің салған әндерін Мәс­кеуден тауып, елімізге жеткізген де Жарқын Шәкәрім болатын. Мұны еске алған мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков музыка зерттеушісінің бұл үлкен еңбегін атап өтіп, оның тұл­ға­лық сипатына, өнердің арғыбергі тарихына, қазіргі көрі­нісіне тоқталды.

Қоғам қайраткері, телевизия ардагері Сұлтан Оразалы Әміренің дауысы жазылған таспа елге жеткенде бұл қуа­нышты таратуға дәнекер болды. «Бас редактордың қыз­метін атқарып, телевизияда жұмыста отырғанмын. Бір күні апақ-сапақта Жарқын Шәкәрім мен Рымғали Нұрғали «сүйін­ші» деп кабинетіме кіріп кел­ді. Сөйтсем, Жарқынның Мәс­кеуден келген беті екен. Ол ұшақтан түсе салып, Рымғалиға барған. Рымғали қол-аяғын жерге тигізбей маған алып келді. Жарқынның қолында магнитофон бар. Мәскеудегілер таспаны бермегеннен кейін Әміренің дауысын осы магнитофонға жазып алыпты. Сол кезде «Әмі­ренің дауысы табылды» деп жалғанға жар салып, қолма-қол бұл керемет жаңалықты таратып жібердік» деді С.Оразалы.

Әміренің ән өнеріндегі ізін лайықты жалғаған Қазақ­стан­ның халық әртісі, профессор Қайрат Байбосынов Жарқын Шәкәрім Әміренің өмірі мен шығармашылығына өткен ға­сырдың жетпісінші жылдарынан бастап үңілгенін айтып, сол жылдарға сапар шекті.

«Ме­нің ұлағатты ұстазым, қазақ әншілерінің ұстазы Жүсіпбек Елебеков Әміренің кім екенін, қандай әнші болғанын, дауысы 12 шақырымға жететінін, түн ішінде жылқышылар ша­уып келіп, әнін тыңдайтынын, Әміренің үйінде жатып, шәкірт болып ән үйренгенін айтып отыратын. Әміреден ұстазым ән үйренсе, мен Әміренің – немересі, Бекболат Тілеухан – шөбересі сияқты» деді Қ.Байбосынов.

Қайрат ағамыз айтпақшы, Әміренің сол «шөбересі», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан да таныстырылымға қатысты. «Жаңа осы жерде Әміре Парижде жеңіп алған күміс медаль көрсетілді. Ал ол медальді тағы кім алған? Ақын Владимир Маяковский, режиссер Сергей Эйзенштейн, суретші Петр Кончаловский және қазақтан Әміре алды. Жалпы, отбасы, ошақ қасында «Белес, белес, белес пе, Белес жақын емес пе?..» деген сияқты жай ән айту бар және «Базарың құтты болсын, ардақты елім» деп биік шырқалатыны сынды кәсіби ән өнері бар. Бұл – екінің бірінің қолынан келмейтін өлең. Мұны әнші боп туған адам ғана орындай алады. Осы кәсіби өнерді Еуропа сахнасына апарған Әміреге Ромен Роллан, Анатолий Луначарский, басқалар таңғалып, тәнті болғанына сенем. Себебі Әміре қазақтың қанына біткен ұлттық музыканың қуаты мен интеллектісін паш етті» деді Б.Тілеухан.

Әміре туралы көркем фильм­де кадрдың сыртында Сержан Мұсайын ән салады. Өнер­та­нушы Ерлан Төлеутай кинода ән шырқауға ұсынған бұл тамаша әншінің шынында да дауысы Әміренікіне келеді екен. Таныс­тырылымда бұл әнші кезінде Әміре салған «Балқадиша» мен «Жалғыз арша» әндерімен жиналғандардың құлақ құры­шын қандырды. Айтпақшы, «Амре в Париже» кітабына қол жеткізген адамдар оның ішіне салынған күйтабақтан Әміренің өз дауысымен шыр­қа­ған әндерді тыңдай алады.

4,6(67 оценок)
Ответ:
Ryslan090
Ryslan090
07.12.2021

Объяснение:

Джордж Лемнен.Қыз және қуыршақ,1904

Онымен бірге қуыршақ баланың өзіне шақ болғаны абзал. Мұндай қуыршақтардың киімі шешілмейтін болуы да мүмкін. 1-4 жастағы сәбилерге шомылдыруға, құндақтауға, көрпемен орауға болатын "жалаңаш бөпені" (киімі жоқ қуыршақ) әперген жақсы. 3-5 жастағы балалар үшін киімі шешілетін үлкен қуыршақ (35-50 см.) шығарылады. Мұндай қуыршақтардың арнаулы мебелі,ыдыстары,арба сы болады. Қуыршақтар әр түрлі болуы тиіс, өйткені балалар олардың "мінез-құлқын", "көңілді-көңілсіздігін" айырып, ойынның барысында әрқайсысына өзінше міндеттер жүктейді. 5-7 жастағы балаларға қуыршақтың көлемі үлкені әрі кішісі (6-7 см.) де керек. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға тұрқы 20-35 см.қуыршақтар ыңғайлы. Бұл қуыршақтардың "сөйлеу білуі" міндетті емес, өйткені олар үшін балалардың өздері сөйлейді. Мектеп жасындағы кішкене қыз балалар бұдан да гөрі ірірек "шын тәрбиелеуге келетін" үлкен қуыршақтарға (45-65 см.) қызығады.

4,6(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ