М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DFleX
DFleX
03.06.2022 23:34 •  Қазақ тiлi

НА ЧТО СМОЖЕТЕ ОТВЕТЬТЕ депті адам қандай адам?
а) адал б) төзімді
ә) әдемі в) жомарт

2. Сыпайы болу дегеніміз не?
а) әдеп сақтау б) сабақты жақсы оқу
ә) жұрт алдында сөз сөйлеу в) ақыл айту

3. Астана қаласының ортасынан қай өзен ағып өтеді?
а) Жайық өзені б) Ертіс өзені
ә) Есіл өзені в) Сырдария

4. Мақалдың жалғасын тап. Жолдасын тастаған ... .
а) далада қалар б) дауға қалар
ә) жауда қалар в) жолда қалар.

5. Мүшел жасты белгіле.
а) 23 б) 13
ә) 7 в) 18

6. Қазақстан Республикасының еңалғашқы астанасы.
а) Орынбор б) Қызылорда
ә) Астана в) Алматы
7. Алтынемел -
а) мұражай б) қорық
ә) саябақ в) тау

8. Ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынған атау.
а) «Қызыл кітап» б) қызғалдақ
ә) «Табиғатты қорғау» в) ғаламтор

9. Ақмола қаласы қай жылдан бастап Астана қаласы болып аталды?
а) 1998 б) 1997
ә) 1991 в) 2000

10. Автобус сөзінің мағынасы.
а) жеке адамға арналған б) сымды көлік
ә) жол в) баршаға арналған

11. Жұмбақтың шешуін тап.
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
а) ұстаз б) кітап
ә) мектеп в) білім

12. Қажетті сөзді қой. Менің ... – Медет.
а) досың б) досым
ә) досымыз в) ДОСы

13. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қой. Мен ғаламтор... ақпарат іздеймін.
а) -дан б) -ға
ә) -дың в) –мен

14. Қай ай жыл басы болып саналады?
а) қыркүйек б) қаңтар
ә) мамыр в) наурыз

15. Ұлттық аспапта ойнауды үйрететін қай үйірме?
а) қолөнер б) тоғызқұмалақ
ә) домбыра в) сурет

16. Қазақстанда құстардың неше түрі кездеседі?
а) 9000 б) 481
ә) 1245 в) 184

17. «Бақша ағаштары» әңгімесінің авторы?
а) Ыбырай Алтынсарин б) Ахмет Байтұрсынұлы
ә) Абай Құнанбаев в) Шәкәрім Құдайбердіұлы

18. Астана қаласының бас символы?
а) «Думан» ойын-сауық орталығы б) «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы
ә) «Атамекен» саябағы в) «Бәйтерек» монументі

19. Бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы.
а) су б) ауа
ә) табиғат в) ағаш

20. Қонақ бөлменің жоғарғы жағы.
А) табалдырық б) оң босаға
Ә) төр в) сол босаға

👇
Ответ:
baron2032012
baron2032012
03.06.2022

16. б

13 а

14 б

17 а

12 б

9 б

6 в

4,7(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Masha6655
Masha6655
03.06.2022

«Бірінші байлық - денсаулық», - дейді халық. Ғалымдардың айтуынша, адам денсаулығының жақсы болуы үш факторға байланысты:

Қалыпты ұйқы. Адам күнде бір уақытта жатып, түні бойы жақсы ұйықтаса, дененің бәрі демалып, келесі күнге ағзаны дайындайды. Дені сау адам күніне 8 сағаттан артық немесе кем ұйықтамауы тиіс. Күндіз 1-2 сағат демалудың да пайдасы зор.

Белсенді қозғалыс. Адам жаратылысынан қозғалыста жүретін жан болып жаратылған. Сол себепті қозғалыссыз өмір кез келген ауруға алып баруы мүмкін. Таңертең 5-10 минут жаттығу жасаған тиімді.

Дұрыс тамақтану. Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминоз көп адамда кездеседі. Сондықтан дұрыс тамақтану үшін ас мәзірінде көкөніс пен жемістер, ет, балық, сүт тағамдары болуы тиіс.

4,8(67 оценок)
Ответ:
mainstal
mainstal
03.06.2022

ответ

Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі. Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек. Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды. Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады. Поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бөлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров шығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады.

Объяснение:

Ну я ?

4,4(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ