М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
insaf1282
insaf1282
05.03.2021 09:24 •  Қазақ тiлi

виды глаголов :

Дара етістік - бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.

Күрделі етістік - екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады.

Негізгі - түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.

Туынды - етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

вот текст :

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 19 жыл. Он тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

👇
Ответ:
Pipidastet
Pipidastet
05.03.2021

Негізгі-болды,тұрған,қалыптастық.

Туынды-бекітіп,болды,

4,6(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dzhele19
dzhele19
05.03.2021

Қосарлама қос сөз: в)ығы-жығы

1. Қос сөздердің жасалу жолдары.

Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.

Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бет.б.

Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:

1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұсақ-ұсақ т.б.

2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.

3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.

4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

Қосарлама қос сөздер- сөздердің бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.

Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.

1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.

2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.

4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.

5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.

4,4(93 оценок)
Ответ:
pudova20001katya
pudova20001katya
05.03.2021

Палау пісіру.

Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.

Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз.   Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.

Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.

Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.

Мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.

4,4(72 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ