Алың жұрттың арасымен алаң ортасындағы жаршы мұнара-ға бара жатып, жаңа ғана абылайға өзі естірткен сөз халық құла-ғына қалай тез жеткеніне қабанбай батыр аң-таң. бір жағынан,осыншама жүрттың іп-ілезде алаңға жиналғанына төбесі көккетигендей қуанды. «мүндай халықты жоңғар түгіл, қытай да же-ңе алмайды. тек басқаратын ер болсын! » ол атынан секіріп түсіп,иін тіресе тұрған жұртты қақ жара мінбе-мұнараға шықты.- уа, халайық! мен қаракерей қабанбай батырмын! - де-ді жуан даусын кең кернеп, - ел-жұртымыздың басына қатер-лі күн туғалы тұр. күншығысың мен оңтүстігіңнен қаулап,қалың жоңғар келе жатыр. қала иесі қанішерлерің шаһарла-рыңды тастап қашқалы жатыр. бастарыңды қосып, шепке тұр-ғызар еркек кіндік қайсың бар? ! - мен, мен бармын! – деді бір күндей күркіреген жуан дауыс.- шық, мына мінбеге! жұртты қақ жарып, жолбарыс мүшелі, нар кеуделі, жиыр"ма бестер шамасындағы ақсары жігіт алға қарай ұмтылды. бұлшыршық өзені бойынан түркістандағы нағашысының үйіне ке"ліп жатқан сіргелі руының « » атанған елшібек атты батыр жігіті еді. ол мінбеге шығысыменен, қабанбай батыр.- ал, халайық! келе жатқан осал жау емес, – деді. - елімізді, жерімізді сақтап қалу үшін бізден жүректілік табылар, тембірлік керек. түркістанды жауға берсеңдер, қазақ елінің шаңрағы құлап жерге түскені. жас деп қырын қарамаңдар, еріндемына елшібек ердің соңынан! талаптының алдынан нұр жауел бастаймын деген батырдан қашанда батылдық табылады.- ереміз елшібекке! - бастасын бізді жауға.перевод
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
Табиғатта қо жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.