Айтылым 7-тапсырма. «Попс» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойын-
ша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»,
Екінші сөйлем: «Себебі ... ескеру керек».
Үшінші сөйлем: «Оны мен ... сияқты фактілермен, мысалдармен
дәлелдей аламын»,
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен: «...» деген шешімге келдім»,
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Объяснение: