ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар.
1. Су тапшылығы неге әсер етеді?
2. Су ресурстарының қанша пайызы көрші мемлекеттерден келеді?
3. Қазақстанда неше өзен бассейні бар? Олар қандай?
4. Бассейндердің нешеуі — трансшегаралық өзен?
5. Ауылшаруашылық қажетіне қанша су пайдаланылады?
6. Қазақстан жеріндегі су ресурстары қалай бөлінбеген?
7. Әсіресе қай аймақтарда су тапшы?
8. Қазақстанда неше өзен бар?
9. Ең ұзын өзен қайсысы?
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Өз бағаңды өзің білӨз бағамды сұрамаймын өзгеден,
Ердің құнын өлшейтін кім сөзбенен?!
Өз бағамды сұрамаймын өзгеден,
Ер салмағын безбендер кім көзбенен?!
Сұрасам да кемеңгер мен батырдан,
Қадырымды сұрамаймын өзгеден,
Ел алдында өз орынын парықтап
Күйкі пенде көңілімен сезбеген...
Қандай қымбат
Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!