Тапсырма 5. «Білім берудің барлық деңгейлерінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар). Жас кезеңдеуінің жас тобына сәйкестігін орнатыңыз:
А) 1 жастан бастап 1) кіші топ
В) 2 жастан бастап 2) ерте жас тобы
С) 3 жастан бастап 3) үлкен топ
Д) 4 жастан бастап 4) ортаңғы топ
Е) 5 жастан бастап 5) мектепалды тобы
Ал, осы «Шығармалар жинағына» Қосағаш ауданындағы оқушыларға шығарма жазуда үлгі болсын деп жинақтап отырмыз. Осындай жинақтардың жоқтығынан оқушыларымыз шығарма жазуға шорқақ. Сол себептен шәкірттерге үлгі болсын деген мақсатпен осы үлгіні жазуға ойландық. Осында шығарманы рәсімдеуге қойылатын қандай талаптар бар екенін, қалай жазу керектігін көрсетуде. Ұлы Абай қарасөздерін жазғанда: «Кімге қажет болса, сол жазып алсын, не оқып көрсін, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» деген еді. Әрине, Абай Құнанбаев - теңдесі жоқ ғұлама. Бірақ болмасаң да ұқсап бақ дегендей, осы жинақ Қосағаш ауданында қазақ тілін білемін деген жас шәкірттерге өте пайдалы демекпіз. Сонымен бұл жинаққа Халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылардың да шығармалары еніп отыр. Үлгі болсын деген мақсатпен Қазақстанда тұратын отандастарымыздың да шығармаларын кіргізіп отырмыз.