Кез-келген баланың жақсы көріп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Оның аты-жөні Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мінезге бай, ақжарқын.
Ол мені кішкентайымнан өсіріп бағып келеді. Жасы -тен асса да анам мен әкем жұмыста болған соң, мені сабаққа дайындап, шығарып салады. Ол қарындасым Жанарға да қарайлайды. Бізді қатты жақсы көреді. Күн сайын тәттілер алып беріп еркелетеді.
Ол мен үшін өмірдегі ең қымбат жан. Оның дайындаған сүтке қосылған күріші тіл үйіреді. Тәп-тәтті. Қайта-қайта жей бергің келеді. Әжеме сол үшінде ризамын.
Жылдан-жылға әжем қартайып бара жатқан сияқты. Шашы ағарған. Көп жүрсе қатты шаршап қалады. Мен әжеме көп ауыртпалық түсірмеуге тырысамын. Сабағымды жақсы оқимын. Бос уақытымда қазақ ақындарының өлеңдерін жаттаймын. Әжем менің алғашқы тыңдаушым. Ол қателігімді түзеп, мақтап отырады.
Ақ әжем күн сайын ақыл–кеңес айтудан шаршамайды. Үнемі: «Сабағыңды жақсы оқы. Оқыған адам ғана өз арман-мақсатына жете алады. Жалқау болма, еңбекшіл бол. Өтірік айтпа. Қиянат жасама». Болашақта әжемнің айтқанын орындауға тырысамын.
Бұл өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы мықты болып, жанымда жүре берсе екен. Мен өз әжеммен мақтанамын.
Әр а қ шағы өте ыстық. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Мен 14 жастамын. Дегенмен балалық кезеңнен әлі де болса аттап кеткен жоқпын. Кешегі титтей кішкентай кезім қызық әрі өте қанық түстерге толы болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске түсіргенде, өз-өзіме көңілім толмай ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін маған өкпелеп қалған адамдардан кешірім сұраймын. Кей сәттерді еске алғанда тіпті ішек қатып күлгенім де бар. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы болса да, ол- балалық еркеліктің еншісінде. Ертең есейген шағымызда балалығымызды қатты сағынатын болармыз. Әрине, сағынамыз. Қазір бізде сағыныш бар, бірақ ол соншалықты қатты емес. Достар, есеюге асықпайық. Оған әлі жетеміз ғой. Бірақ балғын шақ кетісімен қайтып оралмас ешқашан. Сол себепті, сенің балалык шағың - өміріндегі ең басты байлығың дегім келді.(дұрыс деп ойлаймын)✓✓✓