Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.
Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.
Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.
Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді. Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет. (Қ. Өрісбаев
Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уезі, қазіргі Қостанай облысындағы Қайдауыл жерінде дүниеге келді. Әкесі орта жүздің қыпшағынан шыққан жалшы болатын. Отбасында болды: үш ұл, қалғандары қыз бала. Өздері кедейшілік жағдайында өмір сүрді. Ерте жастан бастап Әліби білімге ұмтылғанымен, оның тұрған жерінде мектеп болмады. Бір күні Торғай кәсіптік мектебінің мұғалімі ауыл үстінен өтіп бара жатып, Әлібимен кездесіп қалды. Қолөнер мектебінің мұғалімі оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап, мектепке шақырады. Әліби өзінің әкесімен мектеп туралы және білім алуға деген құштарлығы туралы сөз қозғағанда, ол баласын тыңдағысы да келмеді. Жас бала үйден қашуға бекінді және соған ыңғайы келетін сәтті күтті де. Көрші ауылдан Торғайға қарай бет алған керуенмен кейін жасырын ілесіп кетіп қалды. Торғайдан өзі аулында кезіктірген Ахмет Балғамбаев деп аталатын ұстазын кезіктірді. Ол орыс тілінде білім берілетін қолөнер мектебіне меңгерушілік ететін. Осылайша болашақ саяхатшы сауаттылыққа үйрене бастады. Оның туған ауылынан тысқары жатқан елді-мекендерде не болып жатқанын, Ұлы Даладан шалғайдағы адамдардың тыныс-тіршілігін тануға деген өшпейтін құштарлығы, құпия, ақиқатты іздеудегі қателер мен адасулары оны ерте жастан-ақ дін жолына алып келді. Кейін, үлкен қала атмосферасында (Қазан, Мәскеу), әр түрлі топтағы жастар ортасында жаңаны іздеу үстінде жүрген ол үнемі ескіні қабыл ала алмады, өткір мінезділік пен қайнаған күш-қуат Әлібиді жер шарына саяхат жасау туралы авантюралық шешім қабылдауына алып келді. Далалық өлкенің болашақ төтенше жағдайлар комиссары Ә. Жангелдин өзінің батылдығы мен әрекет жасаудағы қайраттылығынан бұрын-соңды болып көрмеген жағдайды бастан өткерді – әлемнің жартысын шарлаған бірінші қазақ болды. Осы саяхатында тек өзінің тағдырының тәңірі туралы ғана емес, сонымен қатар өз елінің билеушілері туралы көзқарасы қалыптасып келді. Әліби астамдық пен байлық, қайыршылық пен кедейлік, бассыздық пен әділетсіздікпен қатар қадам басқан мына әлемнің қаншалықты ауқымдылығын және әр түрлілігін таныды. Туған өлкесіне көзқарасы мен пікірін қалыптастырып, өзіне мол сенім жинап, көпті көрген дана болып оралды. Әліби өзінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін, жақсы өмірге ұмтылыс үшін күресу керектігін ұғынды.