М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
RaidFrame
RaidFrame
06.11.2021 12:09 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар. Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетінде алтыннан әшекейлер жасау өте жоғары деңгейде дамыған
Біз оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар арқылы көз жеткізе аламыз. Соның бірі бүкіл
әлемге танымал, Есік қорғанынан табылған – Алтын адам. обада жерленген мәйіттің басынан аяғына
дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда ол патша отбасының мүшесі немесе тайпа көсемі екені
байқалады. Сақтар өз көсемдерін аса құрметпен жерлеген.
Алтын адам – Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің жағалауынан табылған. 1969-
1970 жылдары археолог К.А.Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4000-ға жуық алтын әшекейлермен
безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат
нақышында" жасалған.
Қазақ жерінде барлығы 7 алтын адам табылған. Сол жәдігерлердің ішінде әлемге әйгілі болғаны – Есік
қорғанынан табылған Алтын адам. Сондай –ақ, әшекей заттар Толстая могила қорғанынан да табылған.
жәдігерлердің ең құндысы — пектораль алқамен ерекшеленеді. Пектораль өзінің өте нақыштылығымен,
нәзіктігемен ерекшеленетін әшекей. Бұл мұра –ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.
1-тапсырма. Мәтіннен төмендегі есімдіктерді тауып жаз:
Жіктеу есімдігі:
Сілтеу есімдігі:
Жалпылау есімдігі:
Өздік есімдіг сор

👇
Ответ:
maxim210204
maxim210204
06.11.2021

Жіктеу есімдігі: Мен, Ол, Біз.

Сілтеу есімдігі: Бұл, Ол.

Жалпылау есімдігі: Бүкіл.

Өздік есімдігі: Өз.

Объяснение:

4,7(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мосендз
Мосендз
06.11.2021

8 наурызға анама тілек

Менің өмірімдегі ең асыл жан, аяулы да сүйікті қамқоршым,  сезімімнің жыр ағысы, маған жарық дүние сыйлаған  Асыл Анам, Сізді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Өмір жасыңыз ұзақ болғай! Сізді сүйемін.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана, құтты болсын мерекең,  

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

4,4(32 оценок)
Ответ:
Sveto4ka2006
Sveto4ka2006
06.11.2021
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды. Қорыта айтқанда, Əр ел өз банкноталарын   басқаларға ұқсас болмайтындай етіп жасауға тырысады. Бұл өзінің дарашылдығын,  тəуелсіздігін көрсету үшін ғана емес,  егер əртүрлі ұлттық валюта банкноталары бір-біріне ұқсас болатын болса,   болуы мүмкін алдау əрекеттерін болдырмау мақсатында туындайды. Жаңа дизайн Қазақстанда соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көрсетеді жəне   Қазақстанның    бай мəдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктіреді.  Мысалы,   банкноталарда жаңа астана Астана қаласының көз тартарлық монументі Астана-Байтерек бейнеленген.  Бет жағында    мемлекеттік əнұран ноталарының фрагменті,  сондай-ақ мемлекеттік ту жəне    елтаңба бейнеленген.  Банкноталардағы    қолдың ашылған алақаны,  қола дəуірінің тас бейнелері достастықты, ашықтықты жəне қажымас қайратты білдіреді. Банкнотаның сырт жағында Қазақстан картасының жаңа астана Астана қаласының жəне басқа қалалардың əртүрлі ландшафтары мен сəулет ғимараттары бейнеленген контуры бар. Мысалы, 10000 теңгелік банкнотада Президент резиденциясы, қазбалар кезінде табылған жануарлардың тастағы бейнелері де банкнота  дизайнында бейнеленген.

Ұлттық валюта —  теңгені енгізген бері 15 жыл өтті.  Бұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады.  Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын    жүргізуге мүмкіндік берді. 15  жыл ішінде теңге    біршама    нығайды жəне   ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта –  теңгенің айналыста 15  жыл болуы Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу  Қазақстанның экономикалық  егемендігін іске асыру үшін    негіз болды.  Ұлттық валютаны енгізумен нарық экономикасын құруға бағытталған құрылымдық қайта құрулар жылдамдатылды.  Қазақстан өзінің ұлттық валютасы —  теңгені күрделі жағдайда əзірлеп,  қабылдағанын естен шығармау қажет. Теңгені жасаудағы тұңғыш президентіміздің ерен еңбегін әр қазақ білері сөзсіз.

Ұлттық теңгеміз АҚШ долларындай немесе Еуроодақтың евросындай болмаса да өз тұрақтылығын сақтап, құнызданбауын қалаймыз!
4,7(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ