Мәтіннің ішінен туынды сөзді табыңдар. 1. Оқу-өнер - жастық шақтың қару-жарағы.
2. Адамдарға
ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.
3. А -
сының қолымен жасалғанның бері - уақыт пен төзімнің жемісі.
4. Адамның табиғаты кызык: байлығынан айырылғанда қатты налиды, ал асыл
уақытының мән-мағынасыз етіп жатқанын елең қылмайды.
5. Бақыт әрдайым батыл адамның жағында.
6. Беймезгіл істің
берекесі болмайды.
Жұмбақтар:
1.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не,өзің тауып ал? (Түйе)
2.Төсек астында шылғи қайыс. (Жылан)
3.Жапырақ астында қара пышақ. (Жылан)
4.Жол үстінде майлы қайыс. (Жылан)
5.Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
6.Жер астында жездекем аты кісінейді. (Суыр)
7.Астында күлік,
Қолында құрық. (Жылқышы)
8.Жер үстінде сабағы,
Жер астында тамағы. (Картоп)
Мақал - мәтелдер:
1.Түйе үстінен сирақ үйтеді.
2.Жаман түйе үстінде келе жатып, Жаяуға «бұқ!» дейді.
3.Күл астында қоламта.
4.Жақсылың ағаш басында,
Жамандық аяқ астында,
Жақсы аттан жығылса,
Жаман а
5.Бейнет аяқ астында, Жақсылық ағаш басында.
6.Ашу үстінде ант жүрмейді.
Жақсылық таудың басында,
7.Жамандық табан астында.
Жаңылтпаштар:
1.Төсек үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
2.Пеш үстінде бес мысық
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші бес пысық.