Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі.
Объяснение:
міне жауап.
Кемпіртас туралы аңыз
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы құрылған екен. Оған дейін аталған өңір мемлекет қорғауында болмапты Сол уақыт кезеңінде кешегі тың игерушілер мына фотода көрініп тұрғандай Кемпіртастың «тілін» жұлып алған екен. Біреулер өздерінің «батырлығын» дәлелдеу үшін техниканың көмегімен Кемпіртастың «тілін» трос байлай отырып вандалдық әрекетке барған. Жалпы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар-ау! Тіпті Иван Купаланы Қазақстаннан тауып жүргендер кездеседі. Негізі Кемпіртасты әр қырынан қарасаңыз бірде жас қызға, енді бірде егде тартқан әйелге, тағы бірде әжеге ұқсайтыны шын. Фантазияңыз білсін! Бірақ аңыздардың ішінде Кемпіртас туралы мына аңыз өзіме ұнады. "Кірпігіңде тұрса да әлі жас байланып, Дінің қатты екенін растайды анық. Көкжиектен бір сәтте көз аудармай, Әй, кейуана, кеттің-ау тасқа айналып. Жанарымнан сорғалап алқызыл таң, Жан дүнием менің де сан бұзылған. Жайыңды ұғам, тас кемпір, себебі мен Сен секілді айырылғам жалғыз ұлдан. Жау жоқ бірақ көк семсер сермесердей, Тек уақыт тұр төбемнен төнген селдей. Кемпіртас-ау, қайғыңды бөлісуге Тасқа айналап кетейін мен де сендей»,-деп керекулік бір ақын жырлағандай Кемпіртас соғыстан оралмаған жалғыз баласын зарыға күте тасқа айналған ананың бейнесі екен!
Амандық Әмірхамзин
"Атқырылған" көлі туралы аңыз
Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле»,—деп пәле салады екен. Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, амалы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осылай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады. Дегенмен қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады. Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.