ХЕЛП мәтінде есімдік,сан есімдерді қолданады 1 орфографиялық нормаға сай жазады. 1
Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді) Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті. «Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...» Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді. Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
Мен ержеткенде үлкен мамандық иесі болғым келеді.Өзімнің таңдаған мамандығым ол-дәрігер.Мен дәрігер болған кезде ,балаларды емдегім келеді сонымен қатар үлкен ата-әжелердің де аман жүргенін қалар едім.Олардың аман сау жүргені мен үшін үлкен қуаныш болар еді.Жалпы осы мамандықты таңдаған себебім ата-анамның менің жанымда ойнап-күліп жүрсе деймін.Егер елімізде дәрігерлер аз болса,онда халықты кім емдейді?Сондықтан да,аз да болса медицина саласына үлесімді қосқым келеді.Дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілікті,ептілікті соным қатар сабырлылықты қатты қажет ететін қиын да,қисынды мамандық. (8 предложений)
Жер шарындағы кез келген адамның Отаны, туған жері болады. Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады. Еліміздің бейбіт өмір сүруін халық тілейді, армандайды. Қазақстан Республикасы – бүгінгі таңда егемен тәуелсіз мемлекет. Халқымыздың тәуелсіздік жолындағы бастан кешкен қиындықтары мен ашаршылық жылдары әлі де ұмытылмай, жүрегімізге дақ түскендей. Халықты аман сақтап, елін қорғап, ақтық демі қалғанша Отан үшін майданда көкірегіндегі қанын аямай , ұзақ жылдар бойы күтіп, аңсаған тәуелсіздік туын желбіреткен қазақ батырлары мәңгі ел есінде.
Соғыс жылдары қазақ халқын әлсіретіп, салт-дәстүрін жойып, халық санын едәуір азайтты. Бірақ кейіннен қазақ елін төрлеткен Ұлы Жеңіс күні әр қазақ азаматының жүрегіне жаңадан қуат берген, нұр берген. Халық сенімін ақтаған, сонау заманда әр жүректе кішкентай болсын үміт отын жандырған қазақ батырлардың рухын өмір бойы сыйлап өтеміз. Ел оларға үміт артқан, сенім артқан. Ол сенімді жерге тастамай, үміттерін ақтай білген.
(8 предложений)