Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Алматы Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Алматым!
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.
Объяснение:
Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Адамдардың қол жеткізген Бостандықтары тарихи дамудың нәтижесі болып саналады. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы кеңи түсетіні дәлелденген. Ал “саяси Бостандық” ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірге ұдайы қатысып, қоғамдық оқиғаларға, әлеумет үшін мәні зор шешімдер қабылдау процесіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін білдіреді. Оның іргелі қағидалары Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында негізделген. Жалпы, саяси Бостандық негіздері кез келген өркениетті елдің конституциясында, арнаулы заңдары мен құқықтық жосындарында бекітілуге тиіс. Мысал, ҚР Конституциясында азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауына және оларға сайлануына шек қойылмайды; сондай-ақ, сөз және шығарм. бостандығына кепілдік беріледі; цензураға тыйым салынып, еркін түрде ақпарат алу және тарату еркі берілген, әркімнің ар-ождан, бірлесу бостандықтарын иеленуге құқы бар. Осы орайда адамдар, әлеум. топтар мен жіктер өздерінің құқыларымен қатар жауапкершіліктерін де айқын ұғына отырып, саясат субъектісі ретінде көрінуге тиіс. “Саяси субъектілік”, яки саясат субъектісі болуға қабілеттілік дегеніміздің өзі Бостандық
АзатАзат сөзінің бірнеше мағыналары бар: