1.Кавказ(Қап тау)-батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен,шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке.
2.Кавказ халықтары - Кавказ жерін мекен ететін әртүрлі этникалық халықтар. Бұл жерде 50-ден 62-ге дейін этникалық топтар өмір сүріп жатыр.
3.Олардың әуендерінде ұлттың бай тарихы, рухани құндылығы, жанның мейірімділігі, ғибрат, патриоттық пен ерліктің өр рухы сипатталған. Ұлттық әуен қашанда рухани қуатты әспеттеп, грузин халқының тұрмыс-салтының көрінісін айқындады.
4.Ішекті аспаптар өзара қол аспаптары (ішектерді саусақпен тарту), шертпелі және ыспалы болып келеді. Қол аспаптары: Пандури, Чонгури, Бас-Пандури. Шертпеліге Чанги, ыспалыға Чунири, Абхарца жатады.
Үрмелі аспаптар: көп түтелі сыбызғы Ларчем-Соинари, Саламури, Дудуки, Пилили, Зурна, Буки, Гудаствири және Чибони.
Ұрмалы аспаптар: Доли, Даира, Диплипито, Цинцила. Пернелі аспаптарға: Бузика, Тико-Тико мен Гармонды жатқызады.
Объяснение:
лайкнитее
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді
Астана – еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Еліміздің символына айналған әсем мұнара Бәйтерек тұрғындарға сүйеніш, қорған, пана болып тұрғандай. Гүлденген Астанамыз – тәуелсіз еліміздің мақтанышы. 1998 жылы 6 мамырда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.
Сол кезден бастап, Астана құлпырып өсе бастады. Әрі осында әлемдік көлемдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда адамзаттың түйткілді мәселелері сөз болады. Астана дегенде Елбасы – Н.Ә. Назарбаевты айтпай кете алмаймыз. Қаланы қалыптастыруда Мемлекет басшысының рөлі өте зор. Шаһардың тез арада тамсанарлықтай бой көтеруі – Президенттің жанашырлығының, әрі тікелей бақылауының арқасында. Астанада EXPO 2017 халықаралық көрмесі өтіп, біздің елімізді бүкіл әлемге паш етті. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір, Елбасы бастаған астанамыз – болашаққа бағдар. Астанада Ұлттық академиялық кітапхана, Қазақстан орталық концерт залы, «Астана опера», мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы сынды және тағы да басқа көптеген мәдени ошақтар пайда болды. Бүгінде аталған нысандар Астананың мәдени орталыққа айналуына бірден-бір себепкер болғанын көпшілік көріп, біліп отыр.
Оған менің де көзім жетті, өйткені биыл қысқы демалыста Астананы аралап, таң-тамаша болдым. Жаңа Астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынған. Қаланың әсемдігіне қарап көзім тоймады, Бәйтерек, Ханшатырды, Пирамида, музейлерді араладым. Шетелдердегі қалалар секілді. Халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері көз тартады. Мен енді жазда да барғым келеді. Себебі көкемнен естіген қызыл-жасылды гүлдерді, жан-жағынан салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандарды көргім келеді. Бұл күнде Астананы дүниежүзі біледі десек, артық айтпаймыз.Отанымызды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көру үшін мен де өскенде өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін жан-жақты білім мен тәрбие алып, келекшекте халқыма пайдам тиетін бір мамандық иесі болуға тырысамын. Отанымның даңқын одан ары арттыруға қолдан келген үлесімді қосамын деп ойлаймын. Ел жүрегі – Астана, мен сені жақсы көремін!
Объяснение:
болама?